«Гүлдер» аралас-тобының трбиеленушісі Ермек Ажардың анасы Ермекова Нургуль Тугелбаевна
«Еркетай» бөбек-балабақшасына
ПІКІР
Қызым, Ермек Ажар, 2020 жылдан бастап «Еркетай» бөбек-балабақшасында тәрбиеленіп жүр.
Балабақша таза, іші жарық, жылы, балаларға қажетті барлық құралдармен жабдықталған. Ұжымы өте білікті, білімді мамандар жұмыс жасайды. Бастысы баламызға білімдерімен қатар тәрбиені жоғары деңгейде беріп отыр.
«Гүлдер» аралас тобының тәрбиешілері топтағы әрбір баланың психологиялық ерекшелігін ескере отырып, барлығымен ұтымды жұмыс жасайды. Тәрбиешілер өз жұмыстарына ұқыпты, ашық мінезді, әрбір баламен тіл табыса алады. Қазіргі замаңғы дидактикалық құралдармен сабақтарын қызықты әрі таңымды өткізеді. Аралас топ екеніне қарамастан әр сабақтары, танымдық жаттығулары, іс-шаралар жақсы ұйымдастырылады.
Қызым балабақшада өзін-өзі күту дағдыларына үйренді, аңық сөйлеп, түстер, әріп пен сандарды үйреніп жүр. Қызым балабақшаға қуанып барады. Балабақша меңгерушісі мен барлық қызметкерлеріне алғысымды білдіремін.
