
«Еркетай» балалар бөбекжай бақшасы 2007 жылы Ақжар ауданы, Ленинград ауылында типтік жобамен Мемелекеттік Коммуналдық Қазыналық Кәсіпорын атауымен 125 балаға арналған 6 топ ашылды.Оқу-тәрбие жұмысын 12 тәрбиеші,1дене шынықтыру нұсқаушысы,1 музыка жетекшісі,психолог және қазақ тілі мұғалімі атқарады.
Екі қабатта орналасқан балабақшаның бөлмелері кең, жайлы.Бүлдіршіндер мекені қазіргі заман үлгісіндегі жиһаздармен, сапалы тәрбие мен білім беруге қажетті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген.Аумағы кең аулада балалардың ойнап, бойларын сергітуіне, түрлі спорттық жаттығулар жасауларына ыңғайлы алаңқайлар жабдықталған. Сонымен қатар балабақша аумағында бүлдіршіндерді еңбекке баулуға арналған бау-бақша мен гүлзарлар бар. Балабақшаның оқу-тәрбие жұмыстары еліміздің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бағдарламалары негізінде,жүйелі,өз деңгейінде жүргізілуде.Мектепалды білім беру жүйесі – бүгінгі күні жан-жақты, көпсалалы, ата-аналардың сұрауларына жауап беретін, мектепалды білім беру сапасын көтеретін бірден-бір орын.Сондай-ақ әрбір қызметкер алдында тәрбие, білім беру саласында жұмыс мазмұнын қайта қарау, баланы дамытудағы жаңа жолды іздеу мәселелері тұр.Мекеме тәрбиешілері мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруде жаңа технологиялар арқылы дамыту ойындарын балалардың интеллектуалдық қабілеттерін арттыруға ықпалы зор екенін түсінеді. Бір ойын көмегімен бірнеше мақсат-міндеттерді қамтамасыз етеді. Бала ойнап отырып-ақ сандар мен әріптерді үйренеді . Ұсақ моторикасы, сөйлеу тілі, байқау, есте сақтау, көру қабілеттері дамиды.Бүлдіршіндердің қабілеттерін шыңдау үшін ән-күй, сахналау жұмыстары да қосымша өткізіледі. Балабақша топтарында кішігірім мұражайлар бар . Ондағы мақсат – ата – баба салт – дәстүріне деген құрметті, туған жерге деген сүйіспеншілікті жас ұрпақ бойында бала күндерінен қалыптастыру. Білім жүйесінде отыз бес жылдық енбек өтілі бар Смагулова Роза Теміркенқызы 2009 жылдан бері «Еркетай» балалар бөбекжай бақшасында меңгеруші.Өзінің міндетіне асқан жауапкершілікпен қарайтын кәсіптік деңгейімен,ішкі мәдениетімен,әдептілік ұстамымен ерекшеленеді.Мамандарының белсенді қызмет жасауына мүмкіндік туғызып,әдістемелікжәне іс-тәжірибелік көмек көрсете білгенінің арқасында балабақша ұжымы мектепке дейінгі мекемелер арасында өтетін аудан аралық, облыстық ,республикалық деңгейлердегі байқаулардан тыс қалмайды. Бұған балабақша тәрбиеленушілерінің,педагогтардың жетістіктері нақты дәлел.
Ересектер тобының балалары Халықаралық «Үркер» марафонына қатысып жүлделі орындарға ие болды,дипломмен марапатталды .
2019 жылы желтоқсан айында Сакимова Карлығаш «Тәуелсіздік және Елбасы» мәнерлеп оқудан балалар байқауынына қатысып, облыстық жеңімпазы.Гран-при иегері және Республикалық «Ен көркем орындаушы» номинациясының жеңімпазы атанды, жетекшісі Жагипарова Салтанат Каирнасқызы.
2019 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық «Көктем аруы» сайысында ересектер тобының тәрбиеленушісі Мирзанурова Дания қатысып дипломмен марапатталды.
2020 жылы «Әр бала -бір жұлдыз» облыстық білім беру жобасының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының «Табысты тәжірибе панорамасында» жұмыс тәжірибесін үсынғаны үшін Кайсина Зура Манапқызы қатысып сертификат иегері.
2021 жылы «Бақытты балалық шақ» Республикалық байқауының облыстық кезеңінде белсенді қатысқаны үшін Емельяненко Федор сертификатпен марапатталды, жетекшісі Кайсина Зура Манапқызы.
2021 жылы сәуір айында педагогтар Тауекелова Алтыншаш Кизатовна,Рамазан Сетергул,Мукашева Маржан Жасулановна «Ізгілікпен Тәрбиелеу»:Ізденіс,Идеялар,Іске Асыру» Халықаралық қашықтықтан байқауына қатысып дипломмен марапатталды.Өткізген «Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ»
2021 жылы наурыз айында аудандық мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілеріне арналған «Анамның істіқ алақаны» қашықтықтан өткізілген мәнерлеп оқу байқауына ересектер тобының тәрбиеленушісі Асылбекқызы Айтсулу дипломмен марапатталды. Жетекшісі Кайсина Зура Манапқызы.
2022жылы Ерболдыев Муслим,Молчанова Карина,Галиулина Камила «Мен зерттеушімін» атты Республикалық байқаудың облыстық кезеңініне қатысып алғыс хатпен марапатталды.Дайыңдаған тәрбиешілер Қылышбаева Марияш Танатаровна,Есенжолова Толкын Елтаевна.
Әр кәсіптің өз жемісі бар.Біздің жемісіміз-біз тәрбиелеп отырған бүлдіршіндер. «Еркетай» балалар бөбекжай балабақша ұжымы қазіргі заманға сай қабілетті және шығармашыл, өз мүмкіндігін біліп,өз ойын іске асыра алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесін мақсат етіп қойып отыр.
Біз тәрбиелеген ұрпақ тәрбиелі де тәртіпті,ақылды да өнегелі,рухани адамгершілігі мол Қазақстанның беделді азаматы мен азаматшалары болсын!
