«Айгөлек тобының» тәрбиеленушісі Әлжан Нұрсұлтанның анасы Альжанова Динара Алтаевна
«Еркетай» бөбек — балабақшасына Пікір
Ұлым, Әлжан Нұрсұлтан 2022 жылдан бастап «Еркетай» бөбек -балабақшасында тәрбиленіп жүр.
Балабақша таза, жарық, балаларға үздіксіз білім беруде барлық жағдай қарастырылған. Тәрбиешілері ұқыпты, балаларға қамқор, жауапты, балаларға сапалы білім беруде. Балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығы өте жоғары. Қазіргі заман балаларының берілген ақпаратты тез қабылдауынан, есте сақтау қабілеттері жоғары дамығандығынан байқауға болады.
Балабақшада әр түрлі іс — шаралар, сынып сағаттары, ашық сабақтар басқа да жұмыс түрлерін жоғары деңгейде ұйымдастырылады. Тәрбиешілер ата — аналармен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
Балабақша ұжымына өз атымнан үлкен алғысымды айтып, шығармашылық табыс тілеймін.
