«Айгөлек тобының» тәрбиеленушісі Батырхан Арсланның анасы Альжанова Динара Алтаевна
«Еркетай» бөбек — балабақшасына
Пікір
Ұлым, Батырхан Арслан 2022 жылдан бастап «Еркетай» бөбек — балабақшасында тәрбиленіп жүр.
Балабақша таза, жарық, тәрбиешілері ұқыпты, балаға қамқор, сапалы тәрбие беруде. Ұлым балабақша барғалы анық сөйлеуді, түстерді ажыратуды, үйренді, ортаға тез бейімделіп, ән айту, билеу қабілеттері ашылды. Бала- болашағымыз. Ал сол болашақты шыбық кезінен қалыптастыратын ата- ана мен балабақшадағы тәрбиешілер. Менің балам «Еркетай» балабақшасының «Жұлдыздар» тобына барады. Таңертең маужырап, ұйқысын аша алмай тұрған баланы күлімдеп қарсы алып, оқу әрекетіне үйріп әкетіп, еңбекке баулып, әлеуметтік ортада өзінің орнын табуға ықпал етіп жүрген тәрбиешілердің кәсіби біліктілік деңгейлері өте жоғары. Осы балабақшаға келгелі күнде бір жаңалықпен, жаңа дүниені үйреніп келіп қайта балабақшаға баруға асығып тұрады. Жұлдыздар тобының тәрбиешілері Салтанат, Диана апай балаларға талап қойып оны орындата білетін, кішкентай балалармен үлкен»келісімге» келе білетін білікті маман иелері. Баланың қалағанын жасап отырып көп дүниені үйрете білетін ерекше жандар. Осындай білім ұжымын басқаратын меңгерушіге үлкен рақмет! Еңбектеріңіз жемісті болғай.
